Студент қауіпсіздік үшін вакцина алу керектігін айтты

Студент қауіпсіздік үшін вакцина алу керектігін айтты
сурет: Rg.ru

Алматылық студенттер замандастарын Covid-19-ға қарсы вакцина алуға шақыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

«Менің аты-жөнім - Алим Нарымбетов. Жасым 19-да. КИМЭП-тің журналистика факультетінің студентімін. Менің екпе алуымның басты себебінің бірі - менің қоршаған ортам. Яғни айналамдағы жақындарым. Мен олармен әрқашан тығыз байланыстамын. Міне сондықтан да мен айналамның және өзімнің қауіпсіздігімді ойлап вакцина алдым», - дейді алматылық студент.

Студенттер өздерінің видеоүндеулерін Almaty.tv инстаграм парақшасына жүктеді.