Аяла Жамбыл Алматының екі миллионыншы тұрғыны атанды

Аяла Жамбыл Алматының екі миллионыншы тұрғыны атанды
сурет: Dalanews.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің facebook-тегі әлеуметтік парақшасында: «Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты! Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!» деген хабарлама жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске сала кетсек, Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген Жания Азаматқызы Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қазақстан халқы 19 миллион адамға жеткенін хабарлаған болатын. Мемлекет басшысы он тоғыз миллионыншы азаматтың ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтады.