СOVID-19 жаңа толқыны Қытайдың үш ірі мегаполсінде таралуда

СOVID-19 жаңа толқыны Қытайдың үш ірі мегаполсінде таралуда
Сурет: Inform.kz

Коронавирус Қытайдың 3 ірі мегаполисінде -  Гуанчжоу, Чунцин және Бейжіңде таралды.

ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте материктік Қытайда коронавирусты 9 мыңнан астам адам жұқтырған, оның ішінде Гуанчжоуда - 2,5 мыңнан астам, Чунцинде – 750–ден астам, Бейжіңде - олардың саны 100-ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, оның ішінде 85%-ында ауру белгілері жоқ (симптомсыз). Соңғы күндері Бейжіңде коронавирус инфекциясы өсіп жатыр. Қытай астанасында инфекция қаупі жоғары (жоғары немесе орташа) 200-ге жуық тұрғын аймағы бар. Соңғы аптада коронавирус Қытайдың барлық аймағында таралып жатыр.

Осы жылдың тамыз айынан бастап ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалуда. Шыңжаңда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 700-ге жуық жергілікті жағдайы анықталды, оның басым көпшілігі Үрімші қаласына тиесілі.