Алматыдағы сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады

Алматыдағы сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады
Сурет: 24.kz

Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін түстен кейін Алматы полиция департаментіне түскен.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай хабарламаларға қатысты шара аясында эвакуациялық-тексеру ұйымдастырылды, саперлер жұмылдырылды», - деп хабарлады полиция.

Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды.