СOVID-19-дан көз жұмғандар саны көбейді

СOVID-19-дан көз жұмғандар саны көбейді
Сурет: 4s-info.ru

Қайтыс болғандардың саны бір аптаның ішінде 21% өскен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дан орын алған өлім-жітім санының күрт өскенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

Өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, мұның салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 21% - ға көп.

Бұл туралы ДДҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған. Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс-Тынық мұхиты аймағында байқалады.