Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының тағы бір ошағы анықталды

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының тағы бір ошағы анықталды
Сурет: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауылда құс тұмауының ошағы анықталды

Бұл жолы Тимирязев ауданына қарасты Дружба елді мекенінде тауық, қаз, үйрек және күркетауықтар қырылып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, 200-ден астам құстың өлексесі өртелді. Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталықта жүргізілген сараптама жұқпалы ауруды растады. Қазір тұрғындардың қора-қопсылары зарарсыздандырып, мамандар эпизотиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр. Естеріңізге сала кетейік, шамамен бір ай бұрын қауіпті кесел Лебяжье ауылында да тіркеліп, мыңнан астам үй құсы қырылған еді.

«Індет жабайы құстардан жұғуы мүмкін. Себебі ауыл маңында көл бар. Болашақта азаматтарға өтемақы төленеді. Ол үшін арнайы комиссия құрылатын болады. Жалпы биыл ветеринарлар өңірде бір миллионанан атсам құсқа вакцина салды», - облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.