Биыл елімізде мыңға жуық есірткі қылмысының беті ашылды

Биыл елімізде мыңға жуық есірткі қылмысының беті ашылды
Сурет: Мir24.tv

Есірткінің трансұлттық арнасын жою кезінде 13 қазақстандық қолған түскен.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің мәлімдеуінше, 7 есірткі зертханасы жойылды етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жақында Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері екі елдің аумағында синтетикалық есірткілерді жеткізудің трансұлттық арнасын жабу бойынша арнайы операцияны аяқтады. Ол операция өткен жылдың соңынан биылғы жылдың сәуір айы аралығында өткізілді. Омбы мен Таразда бір мезгілде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, синтетикалық есірткінің Ресейдегі негізгі жөнелтушісі және оларды Қазақстанда қабылдап алушы ұсталды», - деді А. Мұхаметқалиев.

Оның айтуынша, осы операция кезінде есірткі өндіргені және таратқаны үшін Қазақстанның 13 азаматы ұсталды. Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында 7 есірткі зертханасы жойылды.

«Жалпы құны 9,5 млн АҚШ долларынан асатын 260 келіден астам дайын есірткі тәркіленді. Аса ауыр қылмыс ретінде 15 жылдан және өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза ескерілген», - деді ведомство өкілі.