Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: Іnform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапары барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз  жүргізді

Келіссөзге дейін Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу болды.

Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.

Қазақстан Президенті бауырлас Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді.