Өзбекстан ауған шекарасындағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады

Өзбекстан ауған шекарасындағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады
сурет: Anatili.kazgazeta.kz

15 тамыз таңертеңгілік жағдай бойынша өзбек-ауған шекарасындағы жағдай тұрақталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«2021 жылдың 15 тамызы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша «Термез-Хайратон» көпіріндегі жағдай бірқалыпты. Атап айтқанда, көпірдің ауған бөлігінде жиналған Ауғанстан азаматтарының басым бөлігі көпірден кетті. Бұл белсенді жүргізілген саяси-дипломатикалық шаралардың, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі», - деп хабарлады Өзбекстан СІМ. 
Еске салайық, кеше Ауғанстан Қарулы күштерінің 84 әскери қызметшісі мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, ұсталған еді. Шекара бұзушылар қарсылық танытпаған, жарақат алған үш адамға медициналық көмек көрсетуді сұраған.