Смайылов жайлы мектептердің сапасын қатаң бақылауды тапсырды

Смайылов жайлы мектептердің сапасын қатаң бақылауды тапсырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

  2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 369 жайлы мектеп салу көзделген.

Жаңа форматтағы нысан 740 мың оқушыға арналған.Премьер-министр жауапты ведомство өкілдеріне жайлы мектептердің сапасын қатаң тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуі тиіс. Білім ошақтарын белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Қазір 217 мектептің құрылысы жүріп жатыр.