Словенияны су басып қалды

Словенияны су басып қалды
Сурет: Сtv.by

Словенияда тәулік ішінде  бір айлық жауын-шашын мөлшері түсті

Толассыз жауған нөсерден болған су тасқынынан кем дегенде 4 адам қаза тапты. Залал көлемі 500 млн еуроға бағаланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оңтүстік Еуропада орналасқан аталған елде бір тәулікте айлық жауын-шашын мөлшері жауды. Мемлекет аумағының үштен екі бөлігі табиғи апаттан зардап шекті. Көптеген ғимаратты су басты. Ондаған мың үй жарықсыз қалды.

Словения премьер-министрі Роберт Голобтың айтуынша, «зақым көлемі ауқымды, себебі Словенияның үштен екі бөлігі зардап шекті. Қалыпты өмірге қайта оралу үшін көп күш керек».

Мыңдаған адам эвакуациялануға мәжбүр болды, көптеген тұрғынды тікұшақтар немесе жедел қызмет мамандары қайықтың көмегімен құтқарды.

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Словенияға ЕО тарапынан көмектесуге уәде берді. Словения үкіметі НАТО-ға көмек сұрап жүгінді: әскери тікұшақтар мен жиналмалы көпірлер жіберуді өтінді.