Шұжық емес, қазы жеңіз!

Шұжық емес, қазы жеңіз!
Сурет: интернеттен

Жақсы шұжықтың бағасы  6-7 мың теңгеден арзан болмауы тиіс.

Агросарапшы Алмасбек Садырбаев арзан шұжықтың орнына қазы жеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жақсы шұжық шамамен 6-7 мың теңгеден арзан емес. Ең таза шұжық – қазақтың қазысы. Соя белогы обыр ауруына ықпал етеді. Шұжықты, сосисканы балаларға бермеңіздер. Шұжық қанша тұруы керек? Еттің келісі 2 мың теңге. Содан сүйегін алып тастайды. 50 пайызы сүйегі. Бір келі тартылған ел шығу үшін сен 2 келі сүйек пен етті алуың керек. Сонда қарасаң, тек фарштың құнының өзі 4 мың теңге. Бұған әртүрлі қоспаларын қосасың. Сыртын қаптау, оны істейтін адамы, техникасы, құрылғысы бар. Соның бәрін санағанда жақсы шұжық 6-7 мың теңгеден арзан емес. Бүгінгі шұжықтардың бәріне жақсы ет қолданбайды. Ол жерде ветеринарлы бракты пайдаланады», – дейді Алмасбек Садырбаев.