Үндістандық жолаушылар лайнері апатқа ұшырады

Үндістандық жолаушылар лайнері апатқа ұшырады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бортта экипаждың төрт мүшесі мен екі жолаушы болған.

Үндістаннан Мәскеуге ұшып шыққан ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Үндістаннан ұшатын Falcon 10B жолаушылар ұшағы алдын-ала бағытынан ауытқып, Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Топхан тауына құлады. Апатқа ұрышамас бұрын ұшқыш техникалық ақаулар барын хабарлаған.

Бадахшан полициясының басшылығы жолаушылар ұшағы 20 қаңтарда кешке радардан адасып, Вахан ауданының тауларында апатқа ұшырағанын растады. Оқиға орнына тергеу тобы бара жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, лайнер Мәскеуге бет алған.