Швейцария 17 ақпаннан бастап коронавирусқа байланысты шектеулерді алып тастамақ

Швейцария 17 ақпаннан бастап коронавирусқа байланысты шектеулерді алып тастамақ
Inform.kz

Швейцария билігі 17 ақпаннан бастап коронавирус пандемиясына байланысты барлық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

«Бейсенбіден бастап дүкендерге, мейрамханаларға, мәдени мекемелерге және іс-шараларға бетпердесіз немесе COVID сертификатынсыз баруға болады. Сондай-ақ, жұмыс орнында маскаларды міндетті түрде кию және үйден жұмыс істеу туралы ұсынымдар алынып тасталды», - деп хабарлады Үкімет.

Сонымен қатар 17 ақпаннан бастап Швейцарияға келетін адамдарға вакциналау, ауру немесе коронавирусқа теріс сынақ туралы растау құжаты қажет емес.

Сонымен бірге 31 наурызға дейін қоғамдық көліктерде қорғаныс құралдарын пайдалану және оң COVID-19 сынағы бар адамдар үшін бес күндік оқшаулау туралы талап күшіне енетіні атап өтілді.