Шри-Ланка дефолт жариялады

Шри-Ланка дефолт жариялады
Сурет: Russian.rt.com

Осыдан кейін елде ереуілдер басталды.

Шри-Ланка қажетті тауарларды импорттау үшін валютасы таусылғаннан кейін, 51 миллиард долларлық сыртқы қарыз бойынша дефолт жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бұл мемлекет тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Энергияның үнемі өшірілуі, азық-түлік пен отынның жетіспеушілігі сияқты мәселелер - Шри-Ланкаға тән құбылыстар.

«Үкімет шұғыл шараны елдің қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына жол бермейтін соңғы шара ретінде ғана қабылдайды, – деп жазылған жергілікті үкіметтің мәлімдемесінде.

Биліктің айтуынша, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) көмегімен экономиканы қалпына келтіру бағдарламасынан бұрын барлық кредиторларға тең құқық беру үшін дереу дефолт қажет болған. Осыдан кейін Шри-Ланканың халқы үкіметке қарсы наразылық шараларын ұйымдастырып бас көтере бастады.