Шоқан мұрасы

Шоқан мұрасы
zhaikpress.kz

2023 жылы 5 қыркүйекте С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің белгілі ғалым, ағартушы, этнограф, әрі фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың өміріне мен қызметі арналған «Шоқан мұрасы» атты жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

Көрмеге Шоқан Шыңғысұлының отбасымен қолданған тұрмыстық заттары – мыс табақ, бұрыш ұнтақтағыш және Велодог тапаншасы мен парша белбеуі, сондай-ақ Қашқария сапарын сәтті аяқтағаны үшін берілген ІV дәрежелі Әулие Владимир орденінің, хаттары, мақалалары, ресми құжаттарының көшірмелері, музей қорында сақтаулы қазақ халқының және шетел музыкалық аспаптары қойылады.  

Өтетін орны мен уақыты: 5 қыркүйек, 2023 ж., 12.00, Қарасай батыр к., 49 үй, 25-ші пәтер (https://go.2gis.com/at84f )

Қосымша ақпарат: Көшербаева Анар, музей жетекшісі, +7 (747) 264-52-65