ШҚО-дан келген ұрылар Алматыда қолға түсті

ШҚО-дан келген ұрылар Алматыда қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

«Қылмыстық дуэт» қаланың төменгі бөлігінде әрекет етіп жүрген.  

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, қазір олардың Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарындағы үш пәтерді тонауға қатысы бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Олар 40 жастағы М. есімді азамат және 38 жастағы К. есімді азамат. Бұған дейін екі күдікті де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп келген. Оларды полицияның арнайы жасағының көмегімен криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады. Ратушного көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан бөтен біреудің пәтеріне қаскөйлер алдыңғы есіктің құлпына кілт таңдау арқылы кірген. Ол жерден ұрылар пәтер иесіне ірі материалдық шығын келтіретін мүлікті алып кетпек болған. Қазір ұсталғандардың екеуі де қамауда», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілердің жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына және ұрланған мүліктің сатылған орнын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.