Шіліңгір шілдеде қар жауды

Шіліңгір шілдеде қар жауды
Сурет: Egemen.kz

Бүгін, 10 шілдеде Ресейдің Магадан облысында 37 градус ыстықтан кейін қар жауды.

Бұған дейін синоптиктер облыста нөсер жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетуі мүмкін екенін ескерткен еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетсек, жаз мезгілінде бұл аймақта жыл сайын қар жауады. Ресейдің Магадан облысы бойынша гидрометеорологиялық орталығы бұны растап отыр.

«Шынымен Магадан облысының орталық аудандарында жыл сайын дерлік жазда, соның ішінде шілдеде қар жауады. Биыл аймақта 37 градустан жоғары аптап ыстық болды. Қазір ауа температурасы нөлдік мәндерге дейін төмендеді», - деді мамандар.