Шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Сурет: Astanatv.kz

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 6 маусымдағы өкімімен "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасына өзгерістер еңгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұйрыққа сәйкес, 20 дана "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде бекітілді:

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.