Шетелдік ғалымдар екпе алмаған COVID-19 жұқтырушылары тромбозға жиірек ұшырайтынын айтты

Шетелдік ғалымдар екпе алмаған COVID-19 жұқтырушылары тромбозға жиірек ұшырайтынын айтты
Сурет: Vedomosti.ru

Британ ғалымдары екпе алған адамдарға қарағанда, коронавирус жұқтырғаннан кейін болатын тромбоз қаупі жоғарырақ екенін мәлімдеді

Британдық ғалымдардың мәлімдеуінше, коронавируспен ауырғаннан кейін болатын қанның ұюының пайда болу қаупі вакциналаудан кейінгі тромбозға қарағанда жоғары деп мәлімдеді. Бұл туралы British Medical Journal журналында жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

 Ұлыбританияның бірқатар университеттерінің ғалымдары коронавирустық вакцинация мен тромбоцитопенияның пайда болуы (тромбоциттер санының төмендеуі) мен тромбоэмболияның арасындағы байланысты талдау үшін зерттеу жүргізді Англиядағы ересектер арасында зерттеу жүргізген.

 Зерттеушілер 2020 жылдың 1 желтоқсанынан 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін AstraZeneca немесе Pfizer/BioNTech препаратының бірінші компонентін ектірген  30 миллионға жуық адамның деректерін пайдаланған.

 Нәтижесінде ғалымдар AstraZeneca екпесін алғаннан кейінгі 28 күн ішінде веноздық тромбоэмболия 10 миллион адамның ішінде тек 66 адамнан анықталған. Ал коронавируспен науқастанғандарда 10 миллион адамның ішінде 12 614 адамда қанның ұю оқиғалары тіркелген. Ал ишемиялық инсульт Pfizer/BioNTech вакцинасын алғанда 10 млн адамның ішінде 143 адамда кездессе, коронавирус жұқтырғандарда 10 миллион адамның ішінен 1699 оқиға анықталған.

 Зерттеушілер AstraZeneca және Pfizer/BioNTech вакцинасынан кейін біраз уақыттан кейін гематологиялық және тамырлы асқынулардан болатын қауіптің жоғары болуынан ауруханаға жатқызуға және тіпті өлімге әкелді деген қорытындыға келді. Алайда, коронавируспен ауыратын халық арасында мұндай асқынулардың пайда болу қаупі вакциналанған адамдармен салыстырғанда едәуір жоғары.