Қалада стенд атудан әлем кубогі өтуде

Қалада стенд атудан әлем кубогі өтуде
Сурет: Olympic.kz

 Стенд атудан әлем кубогінде 130 спортшы бақ сынауда

Алматыда жастар арасында стенд атудан әлем кубогі басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

А.Асанов атындағы ату клубында ISSF әлем кубогіне 10 елден 130 спортшы қатысып жатыр. 

Қазақстан, Италия, Франция, Кипр, Түркия, Швеция, Өзбекстан, Ресей, Испания және Грузия елінен командалар келген. 

Айта кетерлігі, аталған спорт додасы 6 қыркүйекке дейін жалғасады.