Шетелдік бес анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылып жатыр

Шетелдік бес анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Жыл соңына дейін 5 шетел анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылып көрермендерге жол тартады.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Дубляж бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мультфильмдер аудармасы және дубляж Киноны қолдау орталығының байқауы арқылы өтеді. Біз осы жылы бірнеше рет конкурс жарияладық, өкінішке қарай, компаниялар халықаралық критерийлерге сәйкес келмейді. Өткен сенбіде осы индустрия өкілдерімен кездестім. Осы орайда заңға өзгеріс енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Қазір біз киноны қолдау орталығы арқылы 5 компания шетел балалар анимациялық фильмдерін қазақ тіліне аударып жатыр», - деді Аида Балаева орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, көптеген дубляж компанияларының нақты сертификаты жоқ.

«Қазір жүргізілген келіссөздер барысында осы мәселені шешетін бірнеше компания табылды. Жыл соңына дейін 5 анимациялық фильм прокатқа шығады», - дейді ол.