Шетел компаниялары Қазақстан нарығынан кетіп жатқан жоқ – Қайрат Келімбетов

Шетел компаниялары Қазақстан нарығынан кетіп жатқан жоқ – Қайрат Келімбетов
Сурет: Inform.kz

Шетелдік компаниялар Қазақстан нарығынан кетіп жатқан жоқ.

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Айтуынша, қазір орталық жүйесінде 1200 шетелдік компания тіркелген. Олардың 5%-ы - Ресейдікі. Жиынға қатысушылар Қаржы орталығының инвестициялық ахуалды жақсартудағы ролі мен санкциялардың отандық нарыққа кері ықпалы жайында сөз қозғады.