Шекара қызметінің бұрынғы бастығы Дархан Ділмановтың ісі сотқа жолданбады - ҰҚК

Шекара қызметінің бұрынғы бастығы Дархан Ділмановтың ісі сотқа жолданбады - ҰҚК
Сурет: ашық дереккөз

Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділмановтың ісі бойынша деректермен таныстыру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер ҰҚК өкілінен шекара қызметінің директоры болған Дархан Ділмановке қатысты іс жайында сұрады.

«Іс әлі сотқа жолданған жоқ. Қазір іс деректерімен таныстыру жүріп жатыр», - деді Марат Қалқабаев.

Сонымен қатар ол іс бойынша басқа мәліметті жариялай алмайтынын айтты.

Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Былтыр 5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Д.Ділманов лауазымынан босатылды.