Шавкат UFC-дегі үшінші кездесуін өткізбек

Шавкат UFC-дегі үшінші кездесуін өткізбек
Сурет: Fight.ru

Біздің батыр жекпе-жегін жариялады

UFC ұйымында өнер көрсетіп жүрген Қазақ файтері Шавкат Рахмонов ең танымал промоушен аясында мозамбиктік Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұл туралы Шавкат Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнаған жазбасында жариялады.

«Ассаламуағалейкүм! Бұйыртса 2022 жылдың 5-ші ақпанына келісімшартқа қол қойылды», - деп жазды спортшы.

Сондай-ақ, Рахмонов UFC аясындағы соңғы жекпе-жегінде 2021 жылы маусымда бразилиялық боксшы Мишель Прарезиспен кездескен болатын.

Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ екінші раундта Шавкаттың жеңісімен аяқталды.