Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі мүмкіндігі жоғары

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі мүмкіндігі жоғары
Сурет: Fightnews.info

Жерлесіміз биіктерді бағындыруда

Әйгілі UFC-де әрекет ететін, бразилиялық ММА жекпе-жек шебері Гилберт Бернс  «Ushataika» You tube арнасына берген сұхбатында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап.


«Мен оның әлеуеті туралы не ойлаймын? Біз оның жекпе-жегіне дайындалып, бірге жаттықтық. Ол өте жас, талантты және болашағы зор. Біз бірге керемет жаттығуларды өткіздік. Ол дивизиядағы ең үздік жауынгерлердің ТОП-5-ке кіре ала ма? Әрине, ол үшін оған қажет нәрсенің бәрі бар. Менің ойымша, егер ол бәрін сауатты жасаса, чемпион болуға мүмкіндігі бар. Бұл оңай жұмыс емес, бірақ, менің ойымша, ол оны жеңе алады», - деді Бернс.