ДСМ жаңа болжам жасады

ДСМ жаңа болжам жасады
Сурет: Vlast.kz

Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға байланысты ойын жеткізді

Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Елде "дельта" штамының белсенді таралуы мен вакциналаудың қазіргі қарқынын ескерсек, пессимистік сценарий бойынша шілде мен қыркүйек айларында шамамен 400 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін. Бұл орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 6 мың жағдайдан жоғары болмақ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты осындай жаңа болжам жариялады. Ал екінші, реалистік сценарий бойынша осы аралықта шамамен 355 мың адамның ағзасынан жұқпалы ауру белгісі анықталуы ықтимал. Яғни орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 5,3 мың жағдайдан жоғары. Ал оптимистік сценарий бойынша алдағы 3 айда 330 мыңға жуық адамның ПТР тестілеуі оң нәтиже көрсетеді. Яғни орта есеппен тәулігіне 5 мыңға жуық адам вирус жұқтыруы мүмкін.