Шаштың түсуімен күресуге көмектесетін қосымша пайда болды

Шаштың түсуімен күресуге көмектесетін қосымша пайда болды
aroma-avenue.ru

Лондондағы клиниканың бірі шаштың түсуімен күресетін қосымшаны іске қосты.

Ол адамдарға мұндай құбылысты тоқтату бойынша кеңес алып, процесті қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл үшін шашыңызды суретке түсіріп, қосымшаға жүктесеңіз жеткілікті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

- Бұл қосымшаның басты ерекшелігі онда кеңесті тікелей дәрігерлер береді. Қазір нарықта осыған ұқсас басқа бағдарламалар бар. Бірақ олар чат-боттармен басқарылады. Яғни олардың кеңесі дәрігерлердің көмегіне ұқсамайды. Лондон емханасы жасап шығарған қосымша тегін, - дейді Harley street hair clinic емханасының бас директоры Надим Хан

Сондай-ақ дәрігерден қанша кеңес алам десеңіз де, өз еркіңіз. Мамандар жоба соңғы уақытта азаматтардың шетелге барып шаш ауыстырып салу бойынша күмәнді операцияларды азайтуға ықпал етеді деп үміттенеді.