Шаруалар шеруге трактормен шықты

Шаруалар шеруге трактормен шықты
Сурет: ашық дереккөз

Түкпір-түкпірден жиналған фермерлер мен бағбандар азот қалдығын қысқарту шараларының салдарына Үкімет назарын аудару үшін тракторлармен бас қалаға бара жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жалпы тракторлар тізбегінің ұзындығы 15-20 шақырымға дейін созылады деген болжам бар.

Сарапшылардың пікірінше, бұл көптеген мал фермасының күйреуіне әкеледі, себебі ең көп азот дәл ауыл шаруашылығында өндіріледі. «Азот келісімінің қазіргі нұсқасы әлеуметтік-экономикалық қарсылық тудырды», - деп растады ауыл шаруашылығы ұйымдары. 

Бельгияның Boerenbond, ABS, Groene Kring, Jong ABS және Ferm voor Agrovrouwen ауылшаруашылық қауымдастықтары бүгін Брюссельде ірі наразылық шарасын ұйымдастырмақ. Олар 2 мыңнан аса тракторды пайдалану арқылы олар астанада азот келісіміне қарсы шығуды көздеп отыр.

Сонымен қатар фермерлер Фландрияның түкпір-түкпірінен Брюссельге қарай таңғы қарбалас уақытта полиция бақылауындағы тізбекпен жүруді жоспарлап отыр. Фланманд Үкіметі көптеген келіссөздерден кейін әлі де келісімге келе алмағанына қарамастан, Бельгия ауылшаруашылығы өндірушілері үшін азот қалдығы бірден қысқаруы мүмкін. Мәселен, табиғи аймақтарда олардың көрсеткіші шамамен жартысынан көп мөлшерге дейін төмендеуі керек.

Бельгияның федералды полициясы көлік жүргізушілерге жұма күні өңіраралық жолдармен жүруден мүмкіндігінше қашып, пойыз немесе велосипед сынды көліктің балама түрлерін пайдалануды шақырды.