Шаруа қожалық иесін сан соқтырған алаяқ ұсталды

Шаруа қожалық иесін сан соқтырған алаяқ ұсталды
gov.kz

Қарағанды облысында шаруа қожалық иесін сан соқтырған алаяқ ұсталды.

Қарағанды облысы, Шет аудандық полиция бөліміне 60 жастағы шаруа қожалықтың иесі арызбен шағымданды. Ол тәртіп сақшыларына алаяқтың құрбаны болғаны туралы хабарлады.

Белгілі болғандай былтырғы жылдың тамыз айында қожалықтың жайылымы орналасқан жерге мал сатып алатын адам келген. Белгісіз адам қожалық иесіне көтерме бағамен мал алатыны жөнінде құжаттар көрсетіп, жәбірленушіден 40 бас жылқы алған.

Алайда, сатып алушы қолма-қол ақшасының жоқ екенін айтып, алған жылқыны сатқан соң ақша беруге келіскен. Сондықтанда сатып алушының сөзіне сенген қожалық иесі жылқыларын салып берген.

Арада жарты жыл уақыт өтсе де жәбірленуші малдың ақшасын ала алмай сан соғып қалған. Оған келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларымен күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.