Дубай-Алматы бағытындағы рейс кейінге қалдырылды

Дубай-Алматы бағытындағы рейс кейінге қалдырылды
almaty-akshamy.kz

Дубай-Алматы бағытындағы КС 898 рейсі ертеңге қалдырылды

Air Astana әуекомпаниясының Дубай-Алматы бағытындағы КС 898 рейсі жауын-шашынға байланысты кешіктірілді. Бұдан басқа ұшақта техникалық ақау анықталды. Сонымен қатар, экипаждың жұмыс уақыты өтіп кетті. Сондықтан рейс ертеңге Дубай уақыты бойынша сағат 10:00-ге ауыстырылды. Жолаушылар трансфермен, қонақ үйге орналасып, аспен қамтамасыз етіледі.

Әуекомпания рейсті кейінге қалдыруға байланысты қолайсыздықтарға өкініш білдіреді.