Қазақстанда коронавирустан емдеу хаттамасына жаңа инновациялық препараттар енгізіледі

Қазақстанда коронавирустан емдеу хаттамасына жаңа инновациялық препараттар енгізіледі
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда коронавирустан емдеудің клиникалық хаттамаларына жаңа инновациялық препараттар енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясымен күрес жүйелі түрде жалғасады. Бірінші, КВИ бар пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету мақсатында уақтылы диагностикалауды және амбулаториялық емдеуді қамтамасыз ете отырып, МСАК ұйымдарының жұмысы қарқынды жалғастырылатын болады. Екінші, бүгінгі таңда 14 мыңнан астам инфекциялық төсек-орын бар. Елімізде қосымша 50 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын ашуға дайындық бар», - деді министр.

Оның атап өтуінше, үшінші, халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамаларына жаңа инновациялық препараттар енгізіледі.

«Төртінші, халықты вакциналау және қайта вакциналау жалғасады. Ол үшін шамамен 6,5 млн доза вакцинаны қосымша сатып алу бойынша іс-шаралар қабылдануда. Бесінші, қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, ел ішінде де, мемлекеттік шекарада да қосымша шектеу іс-шаралары жедел енгізіледі», - деді Ажар Ғиният.