Шахмат жеңімпаздары анықталды

Шахмат жеңімпаздары анықталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында шахматтан жарыс өтті

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты  ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараға Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының орынбасары Нұрсұлтан Тастанбек және жаттықтырушылар Лес Арсен Лес, Азамат Әлішев, Дәулет Иманберлинов мұрындық болып, қолдау көрсетті.
5 турдан тұрған шахмат сайысында 1-орынды А.Овсяников, 2-орынды Б.Шілдебай, ал 3-орынды Д.Мубараков иеленді. Ойын тарысты да қызықты өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен бірге, спорттық киіммен және үстел теннисінің ракетка, добымен марапатталды. САӘПТЖБ бастығы, әділет майоры А.Бәзілбаева келген қонақтарға мекеме бастығы атынан алғыс білдірді.
Шахмат та адам ойын дамытып, ақыл-өрісін кеңейтеді. Шығармашылыққа да жетелейді. Сондықтан балалар колониясында жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер үшін бұл турнирдің берері мол екені анық.