Головкин әлемнің үздік боксшыларының ондығынан көрінді

Головкин әлемнің үздік боксшыларының ондығынан көрінді
Сурет: Informburo.kz

Головкин ХХІ ғасырдың ұлы боксшылары рейтингіне кірді

Британдық танымал Daily Mail басылымы ХХІ ғасырда әлемнің ең үздік боксшыларының жеке рейтингін ұсынды. Бұл тізім боксшылардың салмақ дәрежелеріне қарамай жасалған (pound-for-pound), деп хабарлайды Amaty-akshamy.kz.

Рейтингтің бірінші орнында американдық Флойд Мэйвезер орналасқан, ал үздіктер «үштігіне» Филиппин өкілі Мэнни Пакьяо мен Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альварес кірді. Қазақстандық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин рейтингтің үздік «ондығын» түйіндеді. Daily Mail нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдағы P4P боксшыларының рейтингі келесідей:

1. Флойд Мэйвезер (АҚШ) 2. Мэнни Пакьяо (Филиппин) 3. Сауль «Канело» Альварес (Мексика) 4. Бернард Хопкинс (АҚШ) 5. Хуан Мануэль Маркес (Мексика) 6. Роман Гонсалес (Никарагуа) 7. Нонито Донэйр (Филиппин) 8. Марко Антонио Баррера (Мексика) 9. Александр Усик (Украина) 10. Геннадий Головкин (Қазақстан).