Шахисмайл АСИЕВ, «Ахиска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары: Ерен еңбектері әрқашан жадымызда сақталады

Шахисмайл АСИЕВ, «Ахиска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары: Ерен еңбектері әрқашан жадымызда сақталады

Жарылыстан жапа шеккен отбасыларға халық болып жұмылып, көмегімізді тигіземіз деген сенімдемін.

29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Біз жарылыс болған күні-ақ қабырғамыз қайысып, көңіліміз жабырқап, қайғы бұлтын жамылдық. Ерлікпен қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің артында қалған отбасыларына, тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Ол кісілердің ерен еңбектері әрқашан жадымызда сақталады. Алдағы уақытта бұндай олқылықтар қайталанбайды деген үміттеміз. Осы күнге дейін қазақ халқы басынан талай қиын-қыстау күндерді өткерген еді, өзге ұлт өкілдерін қонақжайлықпен қарсы алып, алдындағы асын тосты. Жарылыстан жапа шеккен отбасыларға халық болып жұмылып, көмегімізді тигіземіз деген сенімдемін.