Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге арналған мораторий ұзартылады

Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге арналған мораторий ұзартылады
Сурет: Tengrinews.kz

Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылады. Бірақ бұл бизнес мүлдем тексерілмейді дегенді білдірмейді.

Ұлттық экономика министрлігі Президент Жарлығына толықтырулар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жеке тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың 2023 жылдан 24 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындау мүмкіндігін алып тастау көзделіп отыр. Бірақ заңнаманы елемей, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, қоршаған ортаға қауіп төндірсе әрі тұтынушылардан арыз-шағым түссе, арнайы органдар тексеріс жүргізуге құқылы.