Шағалалардың қырылуына қатысты ақпарат берілді

Шағалалардың қырылуына қатысты ақпарат берілді
Сурет: Gov.kz

Құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр.

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында «Шағала» (қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір саны 2750 – ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. 

«Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, онымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.Зерттеу нәтежиесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр»,- делінген Экология, геология және табиғи ресурстар минисрлігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Атырау облысында құстар қырылып жатқаны туралы хабар тараған болатын.