Атырау облысындағы табиғи резерваттың аумағында құстар қырылып жатыр

Атырау облысындағы табиғи резерваттың аумағында құстар қырылып жатыр
Сурет: Gov.kz

Екі мыңнан аса құстың өлексесі табылған. 

Биылғы жылдың 26 маусымында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының территориясында мекеме инспекторлары құстардың қырылу фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам үлкен қарқылдақтың, 1200-ден астам қылаң қарабас шағаланың және үш жүз өгіз шағаланың өлексесі тіркелді. Аталған түрлердің ішінде қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 

«Бес құстан, оның ішінде үш қылаң қарабас шағаладан және екі өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды», - делінген хабарламада.