Сейсмологтар Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді

Сейсмологтар Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді
Сурет: M24.ru

Зілзаланың ошағы Тәжікстан аумағында. 

Қазақстандық мамандар Алматыдан 617 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СТАЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі кеше сағат 22:03-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 617 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Тәжікстан аумағында. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 5,1. Эпицентр координаттары - 39,12°(солтүстік), 71,92° (шығыс). Тереңдігі - 20 км.