Әлем чемпионаты-2022: 1/8 финалының финалдық ойындары аяқталды

Әлем чемпионаты-2022: 1/8 финалының финалдық ойындары аяқталды
sportx.kz

6 желтоқсанда әлем чемпионатының 1/8 финалының финалдық ойындары аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сөйтіп, дүниежүзілік додада ширек финалға шыққан барлық сегіз команда анықталды.

Олар: Аргентина – Голландия, Бразилия – Хорватия, Англия – Франция, Марокко – Португалия.

Айта кетсек, бұған дейін Бразилия құрамасы Оңтүстік Кореяны, Хорватия Жапонияны жеңген, Англия Сенегалдан басым түсіп, Франция Польшаны, Аргентина Австралияны жеңсе, Голландия құрамасы АҚШ-тан басым түскен болатын.