Сенатор Дүйсенғазы Мусин қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды

Сенатор Дүйсенғазы Мусин қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды
Cурет: Inform.kz

Президенттің сөзіне тоқтап, қолдауымыз керек

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин барша қазақстандықтарды ел Президентін қолдауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Ата-бабамыздың арманы болған, ғасырлар бойы армандаған, қолымыз жеткен Тәуелсіздікті қорғау бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда өте маңызды. Қоғамның әр мүшесі, Қазақстанның әр патриоты, «мен қазақпын, мен қазақстандықпын» деген азаматтың бүгінгі борышы – осы еліміздегі тыныштықты сақтап қалу. Мемлекет басшысының тарапынан қабылданып жатқан шұғыл шаралар халықтың ойынан шығып, қазір күштік құрамдардың тарапынан, өңірлерде қабылданып жатқан шаралар еліміздегі жағдайды жалпы тұрақтандырды деп айта аламыз. Сондықтан барша отандастарымызға, барша қазақстандықтарға айтарымыз, осындай сын-сағаттарда бір ауызды болып, Мемлекет басшысының қолға алып жатқан іс-шараларын қолдап, мемлекеттің Тәуелсіздігі үшін, ұрпақтарымыздың, бала-шағамыздың, немерелеріміздің болашағы үшін, еліміздің Тәуелсіздігі үшін аянбай жұмыс жасау керек деп ойлаймын, соған шақырамын», - делінген Сенаттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада. 

Саясаттанушы Расул Жұмалы да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға байланысты Қазақстан халқына жолдаған үндеуіне орай пікір білдірген болатын. 

«Президенттің сөзіне тоқтап, қолдауымыз керек. Еліміздегі ең батыл, ең сапалы шешім қабылдайтын бір ғана институт қалды қазір. Ол – Президент. Президенттің жанына топтасуымыз керек. Қажет болса, қолымызға қару алып біз де көшеге шығуға әзірміз. Елімізде тәртіпке қарсы, мемлекетке қарсы, конституциялық бағытқа қарсы шығып жатқан азаматтар өздерін көпшілікпіз деп ойламасын. Көпшілік – бізбіз. Жағдайдың қалай болатынын біз шешеміз. Соны ескерсін», - деді сарапшы.