Сенат төрағасы таңдау жасады

Сенат төрағасы таңдау жасады
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Сенат спикері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді.