Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлемдік Гран-при бәсекесіне қатысады

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлемдік Гран-при бәсекесіне қатысады
Сурет:Almaty-akshamy.kz

Бәсеке 27 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлемдік Гран-при бәсекесіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

27 сәуір мен 2 мамыр аралығында Каирда (Египет) семсерлесуден Гран-при турнирі өтеді. Аталған додадаға Қазақстан әйелдер және ерлер құрама командалары қатысады. 

Ерлер арасында Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов бақ сынайды. Ал әйелдер арасындағы бәсекеге Дария Давлибекова мен Саофия Николайчук қатысады деп жоспарланған.