Семсерлесуден әлем кубогінде қазақстандықтар жүлделі болды

Семсерлесуден әлем кубогінде қазақстандықтар жүлделі болды
Сурет: Inbusiness.kz

Қола медаль жеңіп алды.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан намысын Богдан Лукин, Георгий Линников, Александр Федотов, Ғабидин Мустафин қорғады.

Жартылай финалда ұлттық құрама Египетке жол берді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Қырғызстаннан мықты болды.