Мемлекет басшысы Есеп комитетіне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Есеп комитетіне тапсырма берді
Сурет: Akorda.kz

Есеп комитетінің төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады», -деп хабар таратты Аkorda.kz.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.