Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде 12 қылмыскер ұсталды

Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде 12 қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қалалық көші-қон қызметі бұған дейін хабарлағанындай, 7-16 маусым аралығында шаһар аумағында «Келімсек» республикалық жедел-алдыналу іс-шарасы өткізілуде.

 Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде 12 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

 Мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуын анықтау.

«Іс-шараның төртінші күнінде 751 адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 459-ы шетелдік азаматтар. Сот шешімімен 43 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін қабылдаушы 262 адам жауапкершілікке тартылды, 30 жұмыс берушіге Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды . Сондай-ақ, іздеуде жүрген 12 қылмыскер іс-шара кезеңінде ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.