Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды

Семейде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды
Cурет: Inform.kz

Чемпионатта Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары бақ сынайды

Бүгін Семей қаласында волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, турнирдің ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Алтай» волейбол клубы мұрындық болып отыр.

«Сайыс Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтеді. Оған әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары бақ сынайды. Ел намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайды», - делінген мәліметте.

Чемпионат 1 мамырға дейін созылады. Кіру тегін. Алғашқы ойын Таиланд пен Өзбекстан құрамалары арасында өтеді.