Жерорта теңізінде мигранттар мінген бірнеше қайық апатқа ұшырады

Жерорта теңізінде мигранттар мінген бірнеше қайық апатқа ұшырады
Cурет: Ашық дереккөз

Келімсектердің дені соғыс пен кедейшіліктен қашқан Африка мен Таяу Шығыс елдерінің азаматтары

Тунис жағалауына жақын жерде мигранттар мінген 4 қайық апатқа ұшырап, 12 адам опат болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Қалғаны құтқарылған. Тағы оннан аса босқын іс-түзсіз жоғалып кетті. Жалпы Жерорта теңізі арқылы Италияға қарай 120 мигрант кесіп өтпек болған. 
Келімсектердің дені соғыс пен кедейшіліктен қашқан Африка мен Таяу Шығыс елдерінің азаматтары. Ал ресми дерекке қарағанда, былтыр Тунистен Италияға 100 мыңнан аса мигрант барыпты. 

Әдетте келімсектер алдымен Италияға табан тіреп әрі қарай Еуропаның өзге елдеріне өтуге тырысады.