Сақ қорымдарынан табылған жәдігерлер Ұлыбритания музейінде көрсетіледі

Сақ қорымдарынан табылған жәдігерлер Ұлыбритания музейінде көрсетіледі
24 kz

Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорымдарынан табылған алтын артефактар Ұлыбританияның Кембридж қаласында орналасқан Фицуильям музейінде көрсетіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 24 kz сілтеме жасап.

«Ұлы дала алтындары» деп аталатын көрмеде көрермен назарына Берел, Шілікті және Елеке Сазы қабір кешендерінен табылған 300 жәдігер ұсынылады. Басты элемент жас садақшының жерленген қорымы болмақ. Шамамен 18 жасында мерт болған сақ жауынгерін кіші туысымен бірге жерлеген. Жартастың опырылуы қабір кешенін тонаушылардан қорғап, оны 2,5 мың жыл бойы бүтіндей қалыпта сақтап келген. Бұл – елдегі ешкімнің қолы тимеген екінші сақ қабірі. Қорымдардан табылған қазыналар 28 қыркүйектен бастап көпшілікке таныстырылады.