Отандасымыз әлемдік байқауда жеңіске жетті

Отандасымыз әлемдік байқауда жеңіске жетті
Сурет: Тengrinews

Қазақстандық бойжеткен Дина Әмір АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды. 

Сайыс 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Айқын» басылымының жазуынша, ол әлемдегі ең ірі халықаралық сұлулық байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды.

«Эмоция өте көп. Сөзбен айтып жеткізе алмайсың, өте қызықты болды. Әсіресе, мен үшін. Өйткені мұндай байқауға бірінші рет қатыстым. Ақылына көркі сай қатысушылармен танысу өте керемет, – деді Дина.

Динаны қолдау үшін байқауға сыныптастары мен оның стилисі де барған. Ол өзі соңғы 7 жыл Қазақстандағы IT-компанияларда  маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады. Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтініш берген.